Президент Наталья Годунованы қабылдады
Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа аудиттің жоғары органының биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуы барысы жөнінде баяндалды.
Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес есептік кезеңде 1,3 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтитын 77 нысанда 14 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру бойынша әзірленген тәсілдер жөнінде ақпарат берді.
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мырзакент ауылында жаңа спорт кешені ашылды
Өзгелердің жаңалығы