Президент Мьянма Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді, – деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Темір жолдың темірдей тәртібін меңгерген жан
Келесі жаңалық
Ақтаудың көшелеріне 19 мың шаршы метр асфальт төселді
Өзгелердің жаңалығы