Президент мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:
Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
| ||
Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) | – | Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі |
Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы | – | Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; |
«Ерлігі үшін» медалімен
Нұрлан Сәлімжан | – |
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев