Президент мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу қажет екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылу барысында айтты.
Көздеген мақсатқа жету үшін барлық салада дәйекті өзгерістер жасаймыз. Ол үшін мынандай мақсаттарға көңіл бөлуіміз қажет: Бірінші – ұлттық мемлекетті дамыту және азаматтардың билік органдарына сенімін нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Бұл - өте өзекті міндет. Соған орай, мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу айрықша маңызды. Осы бағыттағы реформалар жүйесін байыппен орталықсыздандыруды, мемлекеттік ақпаратты жаңғыртуды, квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды және барлық үдерісті цифрландыруды қамтиды, - деді ол.
Президент сол арқылы мемлекеттік ақпарат барынша ықшам, ашық әрі тиімді болатынын айтты.
Ал шешім қабылдау үдерісі икемді әрі айқын болады. Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес. Бұл – аксиома. Осы орайда сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін реформаны соңына дейін жеткізуіміз керек, - деді ол.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы