Президент медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазылған хабарламада. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы