Президент Масктың жаңа платформасына инвестиция салуға үндеуі – дипфейк

Әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Илон Маск жаңадан жасаған инвестициялық платформаға қаржы салуға үндейтін видео таратылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл дипфейк.

Stopfake.kz видеоны дипфейктің онлайн детекторының көмегімен тексеріп, оның нейрожелі арқылы жасалғанын анықтаған.

Ірі қазақстандық және ағылшын тілді БАҚ-та Илон Маск пен Үкімет бірлесіп белгілі бір инвестициялық платформа әзірлегені туралы ақпараттар жоқ. Бұл туралы Президенттің ресми сайтында да жазылмаған.

Желіде Илон Масктың инвестициялық платформасы туралы жарияланымдар көп. Олардың бәрінде ақпараттың жалған екендігі айтылған. Илон Маск пассивті табыс табу үшін платформа жасаған жоқ, ал мұндай стартаптарға ақша салуға үндеу – кибер алаяқтардың ісі.

Демек, таралған хабарламаға сенбеген жөн. Президенттің видеосы – дипфейк, ал Илон Маскта инвестициялық платформа жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы