Президент күзетіне қойылар талап қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа деректі фильмі Мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған.
Бұл туралы Президент Телерадиокешенінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Мемлекет басшысының күзеті фото және бейнекамераларға сирек түседі. Қызметкерлердің бет-бейнесі, әсіресе олардың жеке деректері – құпия ақпарат. Бірақ, бұл адамдар үнемі Президенттің жанында жүреді. Олардың жұмысы құпия, көзге көрінбейді. Олар Мемлекет басшысының қауіпсіздігі үшін жауап береді.
- Мемлекеттік күзет қызметі кімге бағынады?
- Президенттің тәулік бойы қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндерге қандай талаптар қойылады?
- МКҚ қызметкерлерінің алдында қандай міндеттер тұр?
Деректі фильмді бүгін еліміздің телеарналарынан көре аласыздар.
«31 арна» арнасында сағат 10:00-де;
«Хабар» арнасында сағат 12:00-де;
«Qazaq TV» арнасында сағат 16:10-да;
«Хабар 24»арнасынада сағат 16:30-да;
«Алматы» арнасында сағат 18:15-те;
«ОРТ Еуразия» арнасында сағат 20:40-та;
«КТК» арнасында сағат 21:40-та;
«СТВ» арнасында сағат 21:55-те көрсетіледі.