Елордада Тұңғыш президент күні туған сәбилердің аналарын құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда перзентханаларында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 22 нәресте дүние есігін ашты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айтулы мереке күні дүние есігін ашқан сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтады.Осындай ерекше күні дүниеге келген нәрестелердің бауы берік болсын! Ел азаматтары болып өссін. Тұңғыш президент күні өздеріңізді арнайы құттықтай келдік. Жыл санап дүние есігін ашқан сәбилердің саны арты берсін, - деді Б. Мәкен.
Нәрестелі болған аналарға сәбидің туу туралы куәлігі мен сыйлықтар табыс етілді.
Түнгі сағат 00:00-ден осы уақытқа дейін біздің орталықта 10 сәби дүниеге келді. Оның 5-і ер бала, 5 қыз бала. Барлық туу процесі сәтті өтті, сәбилерде, аналары да өздерін жақсы сезінуде, - деді қалалық №2 көпбейінді аурухананың директоры директоры Иван Ли.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік жолы
Өзгелердің жаңалығы