3 Қараша 2026, 18:09 Фото: Ақорда

Президент Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қызметінен босатты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Сауранбаевты көлік министрі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды, - деп жазылған Ақордат хабарламасында. 

Нұрлан Сауранбаев Көлік министрлігін алғаш рет 2025 жылғы 30 маусымда басқарды.

2026 жылғы 3 қыркүйекте ол бұл қызметке қайта тағайындалған болатын.

Осы тағайындауға дейін ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын басқарды.

Көлік министрі лауазымында 1 жыл 4 ай жұмыс істеді.