Президент Көктөбеде алматылықтармен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көктөбеде алматылықтармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 3 тамыз күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Антониу Гутерришпен жүргізілген келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Алматының басты көрікті орындарының бірі – Көктөбеде демалып жүрген алматылықтармен және қала қонақтарымен кездесті, – деп жазылған хабарламада.

Жарияланған видеода президенттің қала тұрғындарымен сөйлесіп, суретке түскенін көруге болады.

2025 жылғы 3 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыда БҰҰ-ның Өңірлік орталығының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы