Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Koç Holding компаниясының қазіргі жұмысымен, сондай-ақ Қазақстандағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.
Али Кочтың айтуынша, түркиялық холдинг қорғаныс өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.
Мемлекет басшысы Түркиямен арадағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік туды қап орнына пайдаланғандар елдің ашуына тиді
Өзгелердің жаңалығы