Президент климат және «жасыл энергетикаға» көшу салаларындағы өзара іс-әрекетті атап өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен қатар Президент климат және «жасыл энергетикаға» көшу салаларындағы өзара іс-әрекетті келесі басымдық ретінде атап өтті.
– Біз тұйық циклды экономика қағидаттарын белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Еліміздің энергетикалық тепе-теңдік құрылымындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі қазірдің өзінде 4,5 пайызға жетті. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 15 пайызға жету керек. Біз бұл тұрғыда Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі, су ресурстары, жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері жөніндегі бірлескен күш-жігерді Global Gateway стратегиясы мен Team Europe бастамасын жүзеге асыру аясында жандандыру орынды деп санаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мексикада адам денесінің бөліктері салынған 45 қап табылды
Өзгелердің жаңалығы