28 Ақпан 2020 2020, 09:00

Президент Үкіметке коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасына жазды.  

Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды, - деп жазды президент.