Президент келешек ұрпақтың жан саулығына көңіл бөлуді тапсырды

Елдің болашағы - бала психикасының саулығында. Бұл пікірді Республикалық "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Динара Сәдуақасова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жолдауда Мемлекет басшысы «Үйлесімді тұлға мен жауапты азаматты қалыптастыру негіздері балалық шақта қаланады. Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы керек» деп атап өтті. Балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы ретінде мен әрқашан балаларға және жастарға қатысты жайттарға назар аударамын. Жалпы Мемлекет басшысы халыққа жолдаған әрбір үндеуінде біздің өскелең ұрпақты міндетті түрде айтады. Бұл Жолдауда да шет қалдырмады, - деді Динара Сәдуақасова.

Сәдуақасованың дерегінше, ДДҰ мәліметтеріне сәйкес психикалық денсаулықтың бұзылуы 10-19 жас аралығындағы адамдар арасындағы бүкіл жаһандық аурулар мен жарақат 16%-ға тең.

Психикалық денсаулықтың нашаршалуы 14 жасқа дейін пайда болады. Алайда мұндай жағдайлар көбіне анықталмайды және емсіз қала береді. Жасөспірім кездегі психикалық денсаулықтың бұзылуын елемеу есейгенде өз әсерін береді. Оның салдары физикалық және психикалық денсаулыққа теріс әсер етіп, адамның біршама мүмкіндігін шектеуі мүмкін, - деді ол.

Ұйым төрағасы 2021 жылы 3298 респондентті қамтумен жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижесін еске алды. Оның айтуынша, Қазақстандағы әр 5-жасөспірім буллингтің құрбаны немесе қатысушысы болған.

Мектепте буллингке ұшыраған балалар басқаларға қарағанда өздерін екі есе жалғыз сезінеді. Олар түнде дұрыс ұйықтай алмайды және сабаққа да жөнді қатыспайды. Президенттің білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін күшейту, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсету туралы нақты тапсырмалары қуантады, - деді "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы