Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады.

Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады, - делінген жазбада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы