24 Қыркүйек 2026, 18:52
Фото: https://qr-pib.kz/
Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Серікұлы Исаков Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.