Президент Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иордан Хашимит Корольдігінің төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Иордания арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың жыл өткен сайын нығайып келе жатқанына тоқталып, Королдің екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Иордания халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы