Президент Иордания Королін әуежайдан шығарып салды
Президент Иордания Королі ІІ Абдалланы Астанадағы әуежайдан шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалланы елорда әуежайынан шығарып салды, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске салсақ, 26 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алған болатын. Ал бүгін Мемлекет басшысы Ақордада Иордания Королін салтанатты түрде қарсы алды. Содан кейін өткен шағын құрамдағы кездесуде Тоқаев Қазақстан Иорданиямен өзара тиімді әріптестікті дамытуға үлкен мән беретінін айтты.
Қазақстан мен Иордания қай салада бірлесе жұмыс істейтіні белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда "Кітап оқитын ұлт" жобасы басталды
Келесі жаңалық
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Өзгелердің жаңалығы