Президент халықтың тұрмыс сапасына кері әсер ететін келеңсіздіктерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Тоқаев ұлттық мүддені қорғайтын кезде тиімді жұмыс атқарылмайтынын айтты.

Мысалы, қазір Жайық өзені тартылып барады. Қазақстанға жолданған жүк Қытай шекарасында тұрып қалды. Біздің кәсіпкерлеріміздің көрші елдер нарығындағы мүддесі ойдағыдай қорғалмай отыр. Осындай келеңсіздіктер халықтың тұрмыс сапасы мен көңіл-күйіне кері әсер етеді, - деді ол.

Тоқаев екінші мәселе ретінде экономикалық дипломатияны қайта жандандыру қажетін айтты.

Әлемдік саясатта климат пен технология мәселелері айрықша өзекті. Пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін мемлекеттер арасында шетел инвестициясына талас күшейді. Сыртқы істер министрлігі инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган. Біз министрлікке осындай ерекше мәртебе бердік. Сондықтан бұл мүмкіндікті толыққанды пайдалану қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы