1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiленген тәртiппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Сондай-ақ, Президент Ержан Хозеұлы Қазыхановты Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын, - делінген Жарлықта.