Президент Фируза Шәріпованы жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фируза Шәріпованы IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!, - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қазанда өтіп жатқан кәсіби бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы