19 Маусым 2025 2025, 12:52 Фото: Ақорда

Президент елордадағы теннис орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы «Дәулет» теннис орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы «Дәулет» теннис орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Дәулет» теннис орталығының қызметімен танысты.

Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

«Дәулет» орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.

Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.