Президент еліміздегі ЖОО-дарындағы білім құны туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында еліміздегі ЖОО-дарындағы білім құны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өседі. Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша – 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Сондай-ақ оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді, сонымен қатар қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді, - деді Мемлекет басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы