Президент Дипломатия институтының директорын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады.
Аталған құрылым мүше мемлекеттермен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Босанған аналарға Үкіметтен қанша қаражат беріледі?
Келесі жаңалық
Ақпан айында қанша автокөлік құралы есепке қойылды
Өзгелердің жаңалығы