20 Ақпан 2026, 01:37 Фото: Ақорда

Президент DFC корпорациясымен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастырды

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Президент U.S. International Development Finance Corporation (DFC) атқарушы директоры Бен Блэкпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қыметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы корпорацияны Қазақстанның орнықты дамуындағы маңызды серіктес ретінде атап өтіп, экономиканың түрлі секторларындағы ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Бен Блэк өз кезегінде Президент Дональд Трамп пен оның әкімшілігі Қазақстанмен тығыз әрі өзара тиімді әріптестікті нығайтуға ерекше мән беретінін айтты.

Сонымен қатар тараптар аймақтық және өңіраралық сауданы дамыту тұрғысынан стратегиялық маңызы бар тау-кен өндірісі мен көлік-транзит инфрақұрылымы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырды.