Бүгiн 2026, 11:59
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Астана» өңірлік қолбасшылығына жаңа басшылар тағайындалды
Десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Астана» өңірлік қолбасшылығында басшылар ауысты.
Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.