Президент Дариға Тілендиеваның өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі қоғам қайраткері Дариға Тілендиеваның өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, "Отырар сазы" ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, - делінген хабарламада.

Еске салайық, белгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында өмірден өткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы