Президент Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына Елбасы кандидатурасын ұсынды
Нұр-Сұлтан BAQ.KZ тілшісі. Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтуде.
Отырысқа 11 Азия мемлекетінің Сыртқы істер министрлері қатысуда.
Данагөйлер кеңесі туралы құжатты бүгін қабылдауымыз қажет. Қатысушы мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдап отыр. Қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттар ұсынылуда. Бүгін біз Данагөйлер кеңесінің жаңа ережесін бекітеміз, - дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.
Кездесу барысында АӨІСШК Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды.
Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды, - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.
Айта кетейік, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы конференциясы 11-12 қазан аралығында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы