Президент CNPC басшысына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруді міндеттеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы "CNPC" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қазақстан президенті қазақ-қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне "CNPC" компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.
"CNPC" компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында еңбек етеді. Сіздің корпорация жүзеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент "CNPC" басшылығының алдына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруге, олардың айлығын шетелдік жұмысшыларға төленетін еңбекақы деңгейімен теңестіруге, сондай-ақ, тауар сатып алу және қызмет көрсету ісінде қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға байланысты бірқатар міндет қойды.
Ван Илинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты компанияның алдына қойылған міндеттерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алтын Адам Афинада
Өзгелердің жаңалығы