Президент: «Бөлінген қаржыны қалай да игеру керек» деген ұстаным дұрыс емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бөлінген қаржыны қалай да игеру керек» деген ұстаным дұрыс емес. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Квазимемлекеттік сектордың инвестицилық жобаларының құны тым асыра көрсетілетіні жасырын емес. Оны аз десеңіз, құрылыс табысында баға тағы да өседі. Бүгінде «Самұрық-Қазына» қоры 12 ірі жобаны жүзеге асырып келеді. Бұл - энергиямен қамтамасыз етуге, газ өндіруге, теміржол инфрақұрылымын салуға арналған басты жобалар. Жұмыстың жалпы құны 3,4 трлн теңге. Әрине аталған нысандар халыққа қажет, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның сөзінше, жобалардың құнына және мердігерлердің конкурссыз қатысуына қатысты көптеген сұрақ туындайды.

Осындай жобаларды жүзеге асыру үшін ашық халықаралық байқау өткізген жөн. Бұл қалыпты тәжірибеге айналуы тиіс. Реттелетін мемлекеттік сатып алу жүйесінің жағымсыз жағы да бар. «Бөлінген қаржыны қалай да игеру керек» деген ұстаным дұрыс емес. Әрбір әрекетті, тіпті болмашы қадамның өзін келісу қажеттігі туралы талаптар орынсыз, - деп айтты Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы