Президент болашақ ұрпақ үшін тарихи шешім жасады – сарапшы

Қоғам белсендісі Самат Нұртаза Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Автожол дегеніміз ішкі туризм, адамдардың қатынасы, қуаныш пен қайғыда бару-келу. Жол жоқ болса, адам қиналады. Қиналған адамның көлігі сынады, көңілі түседі. Билікке наразы болады. Ал рахаттанып автобанмен барып келген адамның ішіне негатив қонбайды. Сондықтан автожол мәселесі мен үшін маңызды болды, – деп жазды Самат Нұртаза Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысы балалар 18 жасқа толғанша мерзімінен бұрын алу құқығынсыз олардың жинақ шотына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысынан 50% аударып отыруды ұсынған болатын.

Балаларға ақша төлеу. Бұл – түсімізде көрмеген құбылыс. Барлығымыз бала асырап отырмыз. 18 жасында азды-көпті қаражатпен баспана мәселесін шешсе қандай керемет! Президентіміз болашақ ұрпақ үшін тарихи шешім жасап кетті, – деді Самат Нұртаза.

Сарапшы мемлекет басшысы президенттік сайлауға қатысты айтқаны күтпеген мәлімдеме болғанын атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы президенттік сайлауды 2022 жылға жылжытуы – бұл терең қадам. Мен тіпті «Ел үшін құрбандық» деп айтар едім. Тыныш отыра берсе ешкім ештеңе демес еді, бірақ өзінен кейін болатын Қазақстан президенттері үшін жасаған қадам деп білемін. «7 жылдан кейін адам билікке мастана бастайды» деген философия жатуы ықтимал. Парламент сайлауы – күттік. Жаңа Қазақстанға – жаңа депутаттар, жаңа тұлғалар, жаңа азаматтар керек. Елдің ішінде беделі бар, ел ішінде сөзі өтетін, Ел мен Жерді ойлайтын адамдар депутат болу керек. Бүгінгі Мәжілісте жақсы адамдар бар, олар өз орындарын сақтап қалу керек деп ойлаймын, – деді Самат Нұртаза.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы