Президент боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.
Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мейрам Қажыкен: Кәсіподақтар мықты болуы керек!
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы