Президент: Бізге бөтен идеологиялық даулар қажет емес
Эмоцияға беріліп, өшпенділік пен жеккөрушілікке бой алдыруға болмайды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Тоқаев этносаралық, тілдік және әлеуметтік сипаттағы кез келген арандату әрекеті заң аясында қатаң қаралатынын атап өтті.
Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәселені ерекше назарда ұстап, заң бойынша әрекет етеді. Әр азамат өз сөзі мен әрекетіне жауапкершілік сезінуі керек. Эмоцияға беріліп, өшпенділік пен жеккөрушілікке бой алдыруға болмайды. Бөтен ақпараттық соғыстар мен идеологиялық даулар бізге қажет емес, - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев Ассамблея әкімдіктер мен мәслихаттардың жұмысына атсалысуы қажет екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Біз бір халықпыз, біз барлық сынақтарды жеңеміз – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы