Президент: Біздің басты бағдарымыз – әділетті әрі қауіпсіз Қазақстан құру

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, қазақстандық қоғамның басты ұстанымы – қуатты әрі қауіпсіз мемлекет құру.

Біздің негізгі бағдарымыз әрі болашақтың бейнесі – әділетті, таза, қауіпсіз, мықты және цифрлық Қазақстанды қалыптастыру идеясы. Бұл – мүмкіндіктер мен ілгерілеудің, жауапты азаматтар мемлекетінің бейнесі, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент елде жаңа мектептер салуға, жоғары білім мен ғылымды дамытуға, спорт пен креативті индустрияны ілгерілетуге, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғыртуға қомақты қаражат бөлініп жатқанына тоқталды. Экологиялық мәдениетті арттыру шаралары да қолға алынған. Осы мақсатта «Таза Қазақстан» жобасы іске қосылғанын атап өтті.

Еске салайық, Астанада  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы