Президент: «Біз әртүрліміз – біз теңбіз» қағидаты – саяси жаңарудың іргелі құрамбөлігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралыт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында мәлімдеді.
Осы орайда, саяси және қоғамдық плюрализм түбегейлі форманы қабылдады. Оның үстіне, азаматтарға қатысты қандай да бір кемсітушілікке, олардың ар-ұжданы мен намысын таптауға жол жоқ. Ассамблеяның жаңа реалийінде бұрынғыдай біздің бейбітшілік пен келісім саясатымыздың берік институционалдық тірегі болып қызмет ететініне сенімдімін. Бүгінгі сессияның міндеті – Ассамблеяның саяси жүйе реформасындағы орны мен рөлін анықтау, оның әрі қарайғы даму векторын белгілеу. Біз саяси жаңарудың іргелі құрамбөлігі «біз әртүрліміз – біз теңбіз» қағидаты болып табылатындығын назарға алып отырмыз, - деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ассамблеяның Мәжілістегі орнына тоқталды.
Ассамблеяның Мәжілістегі жеңілдігін жою демократиялық сайлау стандарттарын сақтауға қатысты бар мәселелер қатарын да қысқартады. Осы орайда сенаторлар Ассамблеядан жалпыұлттық бірігу мен этно-мәдени алуан түрлілік негізінде Қазақстанның этникалық топтарының қызығушылықтарының бүтін жиынтығын ұсынатын болады. Мұндай модель халықаралық практика мен Қазақстанның парламенттік жүйесінің өзгешелігін бейнелейді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.