Президент бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев телекоммуникация, жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы мәселелеріне, сондай-ақ Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізуге қатысты үш заңға қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.