7 Наурыз 2025 2025, 10:01
Фото: архив
Президент бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында:
4 еңбек ардагері;
19 жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;
14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;
6 кәсіпорын басшысы;
3 қоғамдық ұйым өкілі;
7 мемлекеттік қызметкер;
6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.