Президент бірқатар азаматты марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар азаматты марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

I дәрежелі «Барыс» орденімен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Оңғарұлы Орман; 

IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы; 

«Парасат» орденімен еңбек ардагері Қойшыбай Көлбайұлы Әріпбай; 

«Парасат» орденімен Мәдениет және спорт министрлігі «Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан филиалының сәулетшісі Нұрғали Имажанов;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» ЖШС директоры – бас редакторы Марина Анатольевна Лимаренко; 

«Шапағат» медалімен «Қызыл-Әскер» жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі Пернебай Сапарбайұлы Арынов наградталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы