Президент бір топ мемлекеттік қызметкерге наградалар тапсырды
Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында қазақстандықтарды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті. Президент еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауына балады.
Жиында «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған тұлғалар – Президент жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев, Қарағанды облысындағы «Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Георгий Прокоп, сондай-ақ Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Құлбек Ергөбек, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері», «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» акционерлік қоғамының бас директоры Абай Байгенжин, «Шапағат» медалінің иегері, «Haileybury Astana» мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Озода Маннопова сөз сөйледі.
Сондай-ақ бүгін Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне елеулі еңбек сіңіріп жүрген бір топ мемлекеттік қызметкер мен ұлттық компаниялардың басшыларына мемлекеттік наградалар тапсырды.