Президент бір айдан кейін Ұлттық Құрылтайдың алғашқы отырысы өтетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
Бір айдан кейін «Ұлттық құрылтай» жаңа диалог алаңының бірінші отырысы өтеді. Құрылтайда ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды біріктіруге шақырылады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА 31-сессиясында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтің айтуынша, бұл бастама ұлттық диалогтың әмбебап үлгісіне айналады.
Құрылтайға депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық облыстардың, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастықтар мен өндіріс саласының өкілдері қатысатын болады , - деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент: Орнықты дамудың ең басты кепілі - тұрақтылық
Келесі жаңалық
Алматы облысында монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы