Президент биологиялық қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биологиялық қатерлерге қарсы тұру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заңға қол қойды.
Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Заңды іске асыру сыртқы және ішкі биологиялық қатерлерді болжауға, жедел анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз етеді. Заңда биоқауіпсіздік саласындағы мамандарды нығайту және әлеуметтік қолдау көзделген.
Профилактикалық функцияны күшейту шеңберінде аса қауіпті микробтармен жұмыс істеуге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру көзделеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Өзгелердің жаңалығы