Президент Binance компаниясының бас директорын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы әлемдегі ірі Binance криптобиржасының негізін қалаушы әрі бас директоры Чанпен Чжаоны қабылдады.

Кездесу барысында еліміздің салалық құрылымдары мен Binance компаниясының арасында цифрлық қаржы саласындағы, блокчейн технологиясы бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың ұзақмерзімді перспективалары, сондай-ақ Қазақстанда криптоиндустрияның өңірлік хабын құру мәселесі талқыланды.

Кездесу соңында Президенттің қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы