Президент білім саласындағы ең өзекті мәселені атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы өзекті мәселе туралы айтты.

Білім беру саласының өзекті мәселелерін шешу маңызды. Кез келген адамның бәсекеге қабілеті оның білім деңгейіне тікелей байланысты. Әрбір азаматтың өмір бойы сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау мемлекеттің міндеті. Мектептерде, колледждер мен университеттерде қауіпсіздікті сақтау өзекті мәселе болып тұр. Біз оқушылар мен студенттерді кез келген қауіп-қатерден қорғауға тиіспіз, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент атағандай, білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жүйесіне бірыңғай талап қойылуы қажет.

Ол үшін бәріне ортақ ереже әзірлеу қажет. Қазір оқу орындары күзет агенттігімен бір жылға келісімшартқа отырады. Әдетте оны жылдың басында жасайды. Бұл оқу жылының ортасы деген сөз. Мұндай келісімшарттарды ұзақ уақытқа, мысалы, 3 жылға жасаған тиімді болар еді. Бұған рұқсат беру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ оқушыларға, мұғалімдер мен ата-аналарға төтенше жағдай кезінде не істеу қажеттігін үйреткен жөн. Қатер кезінде әр адам дұрыс әрі шұғыл әрекет жасай білуі тиіс. Сонда ол өзін ғана емес, өзгені де құтқара алады, - деп айтты Президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы