Президент батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің батыс өңірі сенімді электр желісімен қамтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Бесінші – өңірдің тұрақты энергиямен жабдықталуы. Бұл мәселені шешпей облыстың табысты дамуы мүмкін емес. Облыс электр энергиясымен сенімді және толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс. Әзірше бұл бағытта проблемалар бар. Энергетика желісіндегі апаттық іркіліс Атырау мұнай өндіру зауытының тоқтауына алып келді. Өз кезегінде бұл жанар-жағармай нарығындағы ахуалдың нашарлауына себеп болды, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмасымен еліміздің батыс облыстары арасындағы транзиттік байланыстарды күшейту және оларды Қазақстанның бірыңғай электр жүйесімен біріктіру сызбасы әзірленіп жатқандығын атап өтті.
Толықтай алғанда, Үкіметтен батыс өңірдің электр желісінің сенімді жұмыс істеуін арттыру бойынша кешенді іс-шараларды қабылдау талап етіледі, - деді Президент.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Спутник V» вакцинасын алу механизмі қандай?
Өзгелердің жаңалығы