23 Ақпан 2026, 15:15 Фото: instagram.com/hockeydreams.kz

Президент балалар хоккей командасын тарихи жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы оқиға екенін атап өтті. 

Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы оқиға екенін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.  

Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

Еске салсақ, Қазақстан хоккейшілері тарих жасап, 66 жылда алғаш рет Канадада топ жарды.