Президент авторлық құқыққа қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы авторлық және сабақтас құқыққа қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы