14 Қараша 2025 2025, 14:32
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президент ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесімен танысты
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығындағы цифрлық шешімдер көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы аясында агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын цифрлық шешімдер көрмесімен танысты, - делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысына деректерді есепке алуға, болжауға және талдауға арналған цифрлық сервистер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешеніндегі тиімділікті арттыруды көздейтін отандық стартаптар туралы баяндалды.