Президент атынан БАҚ саласының 65 майталманына пәтер кілттері табысталды

Президент мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше азаматты баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

Мемлекет басшысының атынан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында 65 пәтердің кілтін табыстадым. Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, оперторлар және басқа да мамандық иелері бар. Пәтерлер «Дара» Президент бастамаларының қоры атынан берілді. Келе жатқан мереке құтты болсын, әріптестер!, - деп жазды Желдібай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: facebook.com/ruslan.zheldibay
Өзгелердің жаңалығы