Президент: Ақтөбе облысындағы тас жолдар 2025 жылға дейін қалыпқа келуі тиіс

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысына іссапармен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың активімен кездесті.  Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холлда өткенкездесуде елде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар айтылды. Үкімет пен облыс әкіміне тапсырмалар берді. 

Ақтөбеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Президент жергілікті активпен кездесіп, ел басқарудағы басты ұстанымдарын айтты. Облыстың дамуына бағасын берді. 

«Ақтөбе қаласына биыл 150 жыл. Үлкен тарихи оқиға. Ғасырдан астам қаланың қазіргі бет-бейнесі айрықша, дамуы жоғары. Ақтөбе облысы  - елдегі маңызды инжустриалды аймақ. Тоғыз жолдың торабында тұрған өлкені өндірістік, логистикалық және транзиттік әлеуеті зор. Облыс 100-ден астам мемлекетпен тұрақты сауда-саттық байланыс орнатқан өңір. Аймақта 100-ге жуық кәсіпорын ашылып, 800 мың жаңа жұмыс орыны ашылды. Бұл – жақсы көрсеткіш. Жергілікті кәсіпкерлерде белсенді. «Туған жер» бағдарламасы аясында 1400-ден астам жоба жүзеге асырылды. Одан бөлек, шетелдік инвесторлар өңірдегі әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне атсалысуда. Қарқынды дамуға мүмкіндік бар. Осы қарқынды жоғалтпай өңірдің әлеуметтік-экономикалық үлесін арттыру»,-деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Президенттің сөзінше, басты міндет – халықтың өмір сапасын жақсарту. Азаматтарға қажетті жағдай жасалуы керек. Дегенмен, өңірде бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Алғашқысы - қолжетімді баспананың жетіспеушілігі. Ақтөбе облысында биыл өңірде биыл 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 1300-ге жуық көпбалалы отбасы пәтермен қамтылады. 

«Елде тұрғын үй мәселесі түпкілікті шешімін табуы қажет. Сондықтан елдегі барлық тұрғын үй бағдарламалары біртұтас тұрғын үй құрылысы саясатына біріктіріледі. Осы жерде қандай да бір бастама өңірлерден түсуі керек. Ақтөбе облысында жер кезегінде 170 мыңға жуық адам тұр. Шаһарда 140 мың адам жер күтіп отыр.  65 мың адам саяжайларда тұрады. Көп жағдайда халық мемлекеттен көмек күтпейді. Олар өздері тұрғын үй салып алғылары келеді. Оларға жер керек. Үй салу үшін берілетін жерлердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету қажет. Сондықтан, облыс әкіміне кезең-кезеңімен мәселені шешуді тапсырамын. Мәселе қиындау. Адамдар мемлекеттен нақты шешімдерді күтеді. Қолжетімді баспананың берілуін қатаң бақылау қажет»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс тұрғындарының еңбекақысы қажетті мөлшерден төмен екенін де атап өтті. 

Облыстағы орташа жалақының көлемі - 141 мың теңге.  Ал республика бойынша 168 мың теңге. Кейбір аудан тұрғындарының да табыс көлемінде айтарлықтай айырмашылық бар. Облыс әкіміне тағы да тапсырма берді. 

«Күрделі мәселе. Дегенмен, мәселе шешілуі керек. 1 маусымнан бастап бюджет саласыны қызметкерлерінің жалақысы өседі. Жеке кәсіпорындар да осы үрдістен тыс қалмауы керек. Олар да қызметкерлерінің табысын арттырып, жан-жақты қолдау көрсетулері тиіс. Лайықты жалақы - халықтың әл-ауқатына ықпал ететін маңызды фактор. Азаматтардың табысын арттыру әрқашан менің назарымда болады. Тұрғындардың табыс көлемі облыс әкімдіктерінің жұмыс көрсеткішіне айналады»,-деді Президент. 

«Мемлекет - ең ірі тапсырыс беруші». Осылай деген Президент 2030-шы жылға дейін экономикадағы бизнес үлесін 30 пайызға жеткізуді тапсырды. Отандық кәсіпкерлердің бәсекелестік қабілеттерін арттыру үшін барлық жағдай жасалу керек. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнес 2050-ші жылға дейін ел экономикасының 50 пайызын құрауы тиіс деген болатын.Ал, мен алдағы 5 жыл ішінде экономикадағы бизнес үлесін 30 пайызға жеткізуді тапсырамын. Қиын екенін білемін, бірақ орындауға болады. Облыста шағын және орта бизнес барынша дамыған. Кәсіпкерлерге қолдау білдіруіміз керек. Сондай-ақ, өңірлерді транзиттік ХАБ ретінде дамыту керек. Транспорттың барлық түрі бойынша қатынасты арттыру қажет. Ақтөбе өңірі аймақтық ХАБ, агломерациялық орталық болып табылады. Дегенмен, мәселелер де бар. Көлік жолдарының 50 пайызы жарамсыз күйде. Биыл «Құтты мекен» кең көлемті жобасын жүзеге асыруды бастадық. Мемлекеттен жолдар үшін қаржы бөлініп отыр. Әкімлдікке Үкіметтің көмегімен облыс және аудандық маңызы бар жолдарды 2025 жылға дейін қалыпқа келтіруді тапсырамын. Осы жылға дейін республикалық, жергілікті маңызы бар барлық жол ретке келтірілсін»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір Ақтөбе-Атырау тас жолының қайта жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Ақтөбе-Қандыағаш, Ақтөбе-Хромтау жолдары қалыпқа келтірілуі тиіс. Президентті облыстың экологиялық ахауалы да алаңдатады. Сасық ауа мен өзендердің ластануы, Алға ауданындағы қауіпті қалдықтарды тазарту мәселелердің шешімін табуды Үкімет пен әкімдікке тапсырды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы