Президент Ақтөбе облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы Қаулыға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қазақстан халқына» қорының құрылуы өте маңызды – Гела Васадзе
Өзгелердің жаңалығы